«Есіктен-есікке» акциясы жалғасуда
19 желтоқсанда Мәжіліс депутаттығына үміткер Дигай Дамир жане Алия Абсеметова «Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында аудан активисті Клара Хасановамен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырды. Көкейдегі сауалдарына лайықты жауап алған аудан белсендісі, үміткер кандидаттардың жұмыстарына табыс тілеп, қарапайым халықтың мұң-мұқтажына баса назар аударуды өтінді. Үміткерлер маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырып, мәселенің түйінін шешуге уәде берді.
Талғар-ақпарат