Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдісі ретінде парасаттылық мәдениетін дамыту

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдісі ретінде парасаттылық мәдениетін дамыту

Алматы облысында құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлықты, құқық бұзушылықтарды зерделеу және талқылау, халықтың құқық бұзушылыққа «нөлдік» төзімділігін қалыптастыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқару тиімділігінің, елдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуіне алып келеді, қарышты әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейді. Біздің еліміздің басшылығы сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей түрде қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды.
Осы бағыттағы жұмысты күшейту үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен «Республиканың 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы»атты жаңа бағдарламалық құжат бекітілді.
Стратегияда сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі ретінде халықтың құқықтық мәдениетінің төмен деңгейі байқалады, бұл «арам » қызметкерлерге оны пайдакүнемдік, құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік береді, сондай-ақ азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру бойынша кешенді және мақсатты ақпараттық жұмыстың болмауы.
Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдісі ретінде құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және парасаттылық мәдениетін дамыту бойынша онлайн-семинарлар мен кездесулер өткізілді.
Онлайн-семинарлар мен кездесулерді өткізу үшін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу орталығының білікті мамандары Жаров Ержан Каирович пен Кабылдин Айбек Мейрамханұлы шақырылды.
Іс-шара ««Мархабат.KZ Мүгедектер Қоғамы» ҚБ-мен Алматы облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы бойынша әзірленген.

 

Талғар-ақпарат

    ПІКІР ҚАЛДЫРУ

    Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды.*

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі фермерлік шаруашылықты қате қосымша кеден есептеулерінен қорғады

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі фермерлік шаруашылықты қате қосымша кеден есептеулерінен қорғады

    Экономиканы дамыту үшін Қазақстанға шетелдік инвестициялар тарту — мемлекеттік маңызды міндет, ол әсіресе ауыл шаруашылығы мәселесінде. Бұл туралы Агенттіктің алаңында өткен брифингінде хабарланды.

    «Green Capital Kazakhstan» компаниясы жаңа жылыжай технологиясын қолдана отырып, Ақтөбе облысында көкөністер өсіреді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында кәсіпорынның жұмысымен танысты. Сол кезде фирма директоры Дирк Алевен қызанақтың жыл сайынғы өнімі шамамен 3 мың тонна болатынын мәлімдеген болатын.

    – Әр апта сайын біз 100 тоннадан жинаймыз. Негізінен 80%-ы Ресейге экспортқа кетеді. Қазір бізде 90 адам жұмыс істейді. Жылыжай бес гектарда орналасқан. Біз тағы 5–еу салғанда қызметкерлер саны 150-160 адамды құрайтын болады, — деп Д.Алевен айтқан болатын.

    Бизнесмен қазақстандық БАҚ-қа берген сұхбатында жылыжайдың құрылысына рұқсат алуға 100 000 евро (500 млн. теңге) жұмсағанын атап өтті. Алайда, іс мұнымен бітпеген.

    Нидерландтық инвестор елге түрлі жабдықтар әкелген және оған Мемлекеттік кіріс комитетінің кеден органдары жоспардан тыс тексеру ұйымдастырған. Техниканы қате жіктегені үшін «Green Capital Kazakhstan»-ға қазынагерлер 350 млн. теңге қосымша баж салығын есептеген. Фирма өкілдерінің айтуынша, бұл соманың қайдан пайда болғанын ешкім нақты түсініріп бере алмаған.

    Сондықтан, олар заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне, нақтырақ айтқанда, «Protecting business and investments» жобалық кеңсесіне жүгінген.

    – Әрине, біз мұндай қосымша есептеулермен келіспедік және жобалық кеңсе мен облыстық әкімдікке жүгіндік. Тек осыдан кейін ғана бәрі өзгере бастады. Менің ойымша, біз жобалық кеңсе қызметкерлерінің араласуынсыз мүлдем жұмыс істей алмайтын едік,- деді «Green Capital Kazakhstan LLP» ЖШС техникалық директоры Ерлан Жаңабергенов.

    Агенттікте 1 млн. долларға жуық төлем компанияны банкрот етіп, сол арқылы Ақтөбе облысын 240 жұмыс орнынан айырып, мемлекеттік бюджет жыл сайын 480 млн теңгеге азаюы мүмкін болғанын атап өтті.

    Тексеру қорытындысы бойынша қате жіктегені үшін аталған кәсіпорынға 350 млн. теңгеден астам қосымша кеден есептеулерін көрсеткен. Және бұл компания мен инвестициялар жөніндегі комитет арасындағы кеден салығын төлеуден босату түріндегі инвестициялық преференция берілген келісім-шартқа қарамастан орын алған, — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдула.

    Нәтижесінде, ҚР Қаржы министрлігінің аппеляциялық комиссиясы инвестор мен кеденшілер арасындағы дауды қарастырды. Айыппұл кеден салымдары тек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет араласқаннан кейін ғана тоқтатылды.

    Талғар-ақпарат