Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Аптаның алғашқы күні аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Қалимолда Байболовтың жүргізуімен кезекті отырыс өтті. Жиынға қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, Талғар қаласының әкімі, аудандық бөлім басшылары, БАҚ өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары, Талғар қаласы қоғамдық бірлестігінің төрағасы қатысты.

Күн тәртібінде аудан әкімі орын­ба­сарларының тікелей басшылық жасайтын бөлімдері бойынша 2020 жылға арналған жұмыспен қамту Жол картасын жүзеге асыру барысында аудан көлеміндегі инфроқұрылымдық жоспарлар жөнінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысы көтерілді.
Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Қ.Әлиханұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Айсабекқызы, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы А.Шамаев, аудандық көлік жол және транспорт бөлімі басшысы А.Досжанов, жұмыспен қамту орталығының басшысы Б.Тұрсынұлы өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жай-жапсарын баяндады.
Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібінде қаралған мәселеге қатысты сын ескертулер назарға алынып, жұмыс барысында кеткен олқылықтардың орнын толтыру мақсатында айтылған ұсыныс, пікірлер ескерілді.
Айтулы комиссия отырысының шешімі аудан әкімінің орынбасарлары тікелей басшылық ететін бөлімдері бойынша «Жұмыспен қамту, жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруда аудан көлемінде атқарылып жатқан инфроқұрылымдық жоба жұмыстарының сапасын бақылауда ұстап, бөлінген қаражаттың толық, нақты мақсаттарда игерілуін қадағалайтын болды.
Сонымен қатар айтулы бағдарлама негізінде келешекте аудан көлемінде атқарылатын жұмыстардың жалпы шығындық есебіне мөлтек аудандар бойынша алаңдар, жолдар, жаяу жүргіншілер жолдарын, арықтар жүргізген кезде көгалдандыру жұмыстарын қосуды міндеттеу керектігін алға тартты. Сегіз трансформаторлық жөндеу жұмыстарының қысқы дайындыққа сапалы аяқталуы және аудан бойынша иесіз тұрған екі трансформатор және 1200 шақырымдық электр желілерін РЭС-ке өткізу жолдарын қарастыру мәселесін көтеріп, нақты тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ пандемия кезінде ауда­нымыздағы азық-түлік бағасының қымбаттап кетпеуін қадағалап, назарда ұстау қала әкімінің орынбасарына міндеттелді.
Әлеуметтік жобалар бойынша нысан­дарда атқарылып жатқан жұмыстардың уақытында аяқталуы аудан әкімінің орын­басарларына, тиісті бөлім басшыларына және тиісті мердігер компаниялардың басшыларына тапсырылды.
Қабылданған ұсыныс-шешімдер назарға алынып, атқарылған жұмыстардың аяқталу мерзімі, сапасы бойынша қоғамдық кеңестің келесі отырысында баяндалмақ.

Айнаш Әлдибек,
«Талғар»