Ерлік жеңістің негізі

Ерлік жеңістің негізі

Ел басына күн туып, ер етігімен су кешкен тұста майдандағы әскери ерлік пен тылдағы қажырлы еңбек жеңістің басты негізі. Біздің халқымыз ең сұрапыл соғыстағы Ұлы Жеңіске өшпес үлес қосты. Солардың бірі менің майдангер аталарым. Сопабаев Жақыпбек соғыс майданында ерлікпен қаза тапты. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында нағашы атам Қамырұлы Қанатай 96 жасқа аяқ басып, немере-шөберелерінің ортасында Жеңіс күнін тойлауда. Бұл кісілердің ерлігін,еңбегін жазып жеткізе алмайсын. Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы ардагерлеріміздің барынша жағдайын жасап, мәртебесін көтеруде. «Ардагерлер туралы» Заң қабылданып, оларға арналған жеңілдіктер жүйеленіп, тиімді әлеуметтік – құқықтық қолдау көрсетуге мүмкіндіктер беріп отыр.

Қазіргі таңда көзі тірі майдангерлеріміз азайып барады. Қанды майданның бел ортасында жүрген батырларымызды бағалап, лайықты құрмет көрсетілмек. Біз жеңімпаз батырлардың ұрпағы екенімізді әрқашан мақтан тұтып, олардың ерліктері мен есімдерін мәңгілік есте сақтаймыз. Өзге елдің жасанды батырларынан өзіміздің батыр ата-апаларымыздың өнегелі үлгі тұтатын өмірін келер ұрпаққа мұра етіп қалдырайық.

Елхан БЕКСЕРІКҰЛЫ

«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ң ШЖҚ
«Талғар медициналық колледжі»
МКК-нің оқытушысы.