Татулығымызды көрсетейік

Татулығымызды көрсетейік

Өздеріңіз көргендей бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев  соңғы екі айдың еліміз үшін оңайға соқпағандығын айта келе  еліміздегі төтенше жағдай режимі аяқталғанын жеткізді. Деседе арқаны кенге салып қалыпты тіршілікке көшуге әлі ерте екендігін де ескертті. Себебі кейбір өңірде коронавирусты жұқтырғандардың саны азаймай тұр. Сондықтан карантиндік шектеулер біртіндеп алынатыны айтылды. Және осы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында мемлекет басшысы «Білім беру ісін барынша оңтайлы еткен жөн»,- деп маңызға ие басты салаға да тоқталып өтті.  Айтуынша аталған сала бағдарламасының мазмұнын қайта қарап,  оны қолжетімді және интерактивті ету қажет .  Бұл дегеніміз білім беру саласында оң өзгерістердің болатындығының кепілі.

Осынау қиын кезең  ДӘРІГЕР, МҰҒАЛІМ сияқты мәртебелі мамандық иелерінің қоғамдағы орынын көрсетіп, оларға деген құрметтің артуына себеп болды. Бірі халықтың денсаулығын үшін аурумен бетпе-бет келсе, енді бірі балалардың үздіксіз білім алуы  үшін жұмыс атқаруда. Бұл қиын кезеңде артта қалатыны анық,халқымызға шыдамдылық пен сабырлық қажет.Ең бастысы-барша азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау әр адамға парыз.Осындай  қиын сәтте бірлігімізді татулығымызды көрсетейік және барлық қиындықты жеңіп шығуға шақырамын.

Гүлзада ЖАНСЕЙТОВА

Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылы № 29 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі