Бүгінде барлық қазақстандық мектептер қашықтан оқыта бастады. Бәріміз үшін «қашықтықтан оқыту» — үлкен сын, себебі оқушылар бірінші рет осындай форматта білім алып жатыр. Карантиндік жағдайда қашықтан оқыту түріне өтудің өз артықшылықтары бар. Ол білім үдерісінің тоқтап қалмауы. «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі ұстаздары қандай жағдай болмасын оқушыларға білімді жаңа технологиялар арқылы жеткізуге тырысып жатырмыз. Ұстаздар тарапынан аса бір қиындықтар туындамады, яғни барлығымыз бірден жаңа белесті бағындыруға ат салысып кеттік. Whatsapp тағы басқа әлеуметтік желілер арқылы сабақтар жүргізіліп жатыр. Мектеп оқушылары 16 наурыздан каникулға шыққан болатын. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты төртінші тоқсан қашықтықтан оқытудан басталды. Оқушылардың техникалық тұрғыдан дайындығы, бірдей бір уақытта қосылу, тапсырманы бірден қабылдау мәселелері бойынша алғашқы аптада кедергілер болды. Оның себептері де бар: жаңа таныс емес жағдаймен кездесті, яғни үйреніскенше, жаңа программаларды меңгергенше уақыт қажет болды. Алайда қазір реттелді. Мысалы, сабақтар оқушыларға тапсырма ретінде ережелерге сай әр мұғалім өз даусымен оқып, аудио немесе видеоға жазу арқылы жіберіледі. Оқушылар тыңдап, кері байланыс жасайды. Оқушылардың тапсырмаларды қалай орындағанына байланысты дұрыс, қатесін тексеріп барып, баға қойылады. Қазіргі таңда түсінікті әрі жүйелі түрде сабақтарымыз өтуде. Кейбір оқушылар интернет байланыс жоқ деп уақытында шыға алмады. Бұл жағдайда ұстаздар телефон арқылы қоңырау шалып, қосымша уақыт беріп отырады, яғни ұстаздар бүгінгі күні бұрынғыдан екі есе артық уақыт жұмыс атқарып жатыр десек артық айтқандық емес. Қашықтан оқытуда оқытушының атқарар рөлі орасан. Бүгінгі күні ұстаздармен қатар ата-аналарға да жауапты міндет жүгі жүктеліп отыр. Мұғалім қашықтықтан білім беру барысында оқушылардың тапсырмаларды орындау барысын, өз бетімен жұмыс жасауын үйлестіріп, ұсыныстар береді. Қашықтықтан оқыту барысында көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт. Жалпы, білім саласы үшін Bilimland, «Күнделік», «Дарын онлайн» секілді оқыту тұғырнамалары оқушыларға тегін түрде тиісті жағдай жасауда. Сонымен қатар, телеарналарда жүріп жатқан сабақтар олардың Youtube каналдарында, сайттарында қолжетімді болып отыр.
Орта білім саласындағы қашықтан оқыту теледидар арқылы тиісті сабақтарды беру, «Qazaq radiosy» радиосы арқылы оқыту, пошта арқылы оқыту, интернет-платформа арқылы жұмыс істеу төрт бағыт бойынша жүруде. Мектебімізде компьютер, интернеттің жетіспеуіне байланысты мәселе туындап отырған жоқ. Мұғалімдер цифрлық сауатын арттыру мақсатында арнайы курстардан өткен.
Қазіргі уақытта сабақтардың уақтылы өтуін, графикке сәйкес болуын мектебіміздің басшысы Оралханова Нұржан Оралханқызы бақылап отыр. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда білікті ұстаздар Агильская Такура Айдарбекқызы, Ахметова Жанна Ергазықызы, Багисова Жанар Шахинқызы, Чикабаева Ләззат Қырғызбайқызы, Тлеуғазина Анар Тлеуғазықызы, Курманбекова Алия Аршабайқызы, Омаргалыкова Айгүл Байгайыпқызы, Орымбаева Ақерке Абуталипқызының еңбектерін ерекше атап өткен жөн.
Бұған дейін бізде қашықтан оқыту форматы болмаған. Ол заңда да қарастырылмаған. Мемлекетіміз басты назарды орта білім беруге аударып отыр. Осы сәтті пайдаланып, сабақты жаңа форматта оқытып жатқан барлық мұғалімдерге сәттілік тілеймін. Біз – қашықтықтан оқып жатырмыз. Біріккен кезде ғана қиындықтарды жеңеміз! Біз біргеміз!
Қасымжанов Досан Қажыкерейұлы,
А. Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін
лицей орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
1 Пікір
Балым 04.05.2020 at 13:01
Мен Амантайкызы Балым кашыктыктан окыту сабагында бжбга катысам