ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ

     Қашықтық білім туралы түсінік:
Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін  оқып үйренушілерге жеткізуді  қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады.
Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым пошта, телефон арқылы оқытушылармен келісілген байланыс жасауына, сонымен қатар, күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатын, оқып үйренушінің мақсатқа бағытталған және бақыланатын қарқынды өзіндік жұмысы құрайды.
Қашықтан оқытудың ерекшеліктері классикалықпен қатар салыстыру бойынша мынандай жетістіктерге ие:
— Жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі;
— Икемділік (оқытудың уақыты, орны, көлемі және қимылы бойынша);
— Жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі;
— Оқу ақпаратына қол жеткізу ,оны жедел жаңарту;
— Экономикалық (оқу алаңы, транспорты);
— Жаңа технологияларды қолдану;
— Оқып үйренушілердің  әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың тұратын жерлері);
— Барлық елдегі ақпараттық – оқыту ресурстарының шығысы мен кірісі;
— Материалдарды көбейту мәселелерінің жоқтығы, оларды тарату ыңғайлылығы;
— Оқып  үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету.

Қашықтан оқыту жүйесін құру қағидалары:
1. Оқытудың адамгершілік қағидасы.
Оның ішкі мазмұны оқытуға үндейтін және әлеуметтік жинақталған тәжірибені оқып үйренушілердің меңгеруі үшін жоғары қолайлы шарттарды туғызып,  білім беру үрдісіндегі бүтіндей адамға бағытталады.
2. ҚО жүйесінде білім беру үрдісін жобалау кезінде педагогикалық көзқарастың  басымдылығының қағидасы.
Бұл аталған қағиданың мәнісі, ҚОЖ -ін жүзеге асыруға болатын көріністердің дидактикалық үлгілерін құрайтын теориялық тұжырымдамаларды талдаудан бастау қажет екендігінен тұрады.
3. Педагогикалық мақсатқа лайықты жаңа ақпараттық  технологияларды қолдану қағидалары.
Ол жобалаудың әрбір қадамының тиімділігіне және ҚОЖ жасауға педагогикалық баға беруді талап етеді. Сондықтан да, ең бірінші жоспарға техниканы енгізуді емес, білім беруге қызмет ететін және оқу курстарының сәйкес мазмұнды толықтыруларын қою қажет.
4. Білім беру мазмұнын таңдау қағидалары.

ҚО жүйесінің білім мазмұны ҚР –ның Мемлекеттік  білім беру стандартымен сәйкес келуі тиіс.
5. ҚОЖ –де таралатын ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары.
Ұйымдастырушылық және техникалық тәсілдердің қажеттілігі жағдайында керекті мәліметтерді қауіпсіз және құпиялы сақтауды, қолдану мен беруді қарастыру, оның қауіпсіздігін сақтау, беру мен қолдану кезінде қамтамасыз ету қажет.
6. Білім беру деңгейінің бастапқы қағидасы.
ҚОЖ-де тиімді оқыту білім, білік, дағдыларының нақты жиынтығын талап етеді. Мысалы, оқуға, кандидаттың нәтижелі оқуы үшін, өзіндік оқу еңбегінің ғылыми негіздерімен таныс болуы керек, компьютермен және т.б.жұмыс жасай алатын нақты дағдыларына ие болуы тиіс.
7. Оқыту технологиясының сәйкестендіру қағидалары
.
Оқыту технологиясы Қашықтан оқыту үлгілерімен сәйкес болуы қажет.  Сонымен, дәстүрлі пәндік үлгіде оқытуда ұйымдастыру түрін оқыту ретінде дәрістер, семинар және практикалық сабақтарда, боямалы немесе іскерлік ойындар, зертханалық сабақтар, өзіндік жұмыстар, өндірістік тәжірибелер.

ҚО  жүйесінің құрылымы:
ҚО  жүйесінің құрылымына келесі элементтер кіреді:
— Оқыту мақсаты. Маманның үлгісімен және мемлекеттік тапсырыспен сәйкес қалыптасатын, білім және білік жүйесін оқып үйренушілердің меңгеруі.
— Оқыту мазмұны. Әлеуметтік сұраныстың педагогикалық үлгісі. Оқыту үрдісі, әдістері мен ұйымдастыру түрлерінің жүзеге асырылуы оның мазмұнымен анықталады.
— Оқыту объектісі. ҚО білім беру қызметін пайдаланушылар білім алатын берілген түрінің объектісі болып табылады ( тыңдаушылар, оқушылар ).
Қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары:
1. Білім алушыларды қашықтықтан оқытуға арналған оқу- әдістемелік материалдарымен қамтамасыз ету үшін қашықтық технологияларын қолданумен іске асырылатын білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша электрондық оқу- әдістемелік кешені болу керек.

  1. Электрондық оқу- әдістемелік кешенін дайындауды үлгілік оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестендіріліп әзірленген, бекітіліген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша курсты әзірлеуші жүзеге асырады.
  2. Әрбір пәннің электрондық оқу- әдістемелік кешені міндетті және қосымша комплектілерден тұруы керек.
    Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады:
    Туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты орнату; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тыңдаушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғары деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның құралдарымен жұмыс істей білуі керек.

Қашықтықтан оқыту бойынша білім алушылар үшін оқу жоспарында көзделген практика ретінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында қарастырылған сағаттар көлемінде бейіндік кәсіпорындардағы, мекемелердегі немесе басқа да ұйымдардағы жұмыстары есептелуі мүмкін.

Қорыта келе айтарымын, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шыңдауға зор мүмкіндік алады.

 

Оралханова Н.О.,
Талғар қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы

 №7 мектеп лицейінің мектеп директоры.