Ауданның атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша көптеген жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметтерді аудан әкімдігінің 23 құрылымдық бөлімшелері көрсетеді: аудан әкімінің аппараты, 11 аудандық бөлім, Талғар қаласы әкімінің аппараты және 10 ауылдық округ әкімдерінің аппараттары, 51 ведомствовалық бағынысты мекемелер.
23 мемлекеттік қызмет көрсетуші, 98 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетті, олардың 36-сы қағаз түрінде; «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық және (немесе) қағаз түрінде — 36; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы »коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы — 43.
Ауданның жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтер тікелей келесі мемлекеттік органдармен көрсетіледі:
- — Аудан әкімінің аппараты – мемлекеттік қызметтердің 17 түрін
- — Талғар және ауылдық округ әкімдерінің аппараттары — 8 түрін
- — Құрылыс бөлімі – 2 түрін
- — Ауыл шаруашылығы бөлімі — 8 түрін
- — Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі — 1 түрін
- — Білім басқармасы — 23 түрін / бағынысты мекемелер -6/
- — Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі — 17 түрін / оның ішінде — 2 /
- — Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі — 6 түрін
- — Жер қатынастары бөлімі — 7 түрін
- — Сәулет және қала құрылысы бөлімі — 4 түрін
- — Спорт бөлімі — 3 түрін
- — жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі — 3 түрін
- — Ветеринария бөлімі — қызметтің 4 түрін.
- Мемлекеттік қызметтің 83 түрі ақысыз негізде, 8 ақылы негізде, 7 ақылы/ ақысыз негізінде көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау ережелеріне сәйкес Талғар ауданы әкімінің аппараты ай сайын ауданның жергілікті атқарушы органдарында және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылауға мониторинг жүргізеді.
2019 жылы 161615 мемлекеттік қызмет көрсетілген (2018 жылмен салыстырғанда — 72759, бұл 45% артық), 151 415 — жеке тұлға, 10200 — заңды тұлға.
Қағаз түрінде — 23033 қызмет (жалпы көрсетілген қызмет санының 14%), (2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда — 10255 (14%)).
Мемлекеттік корпорация филиалдары арқылы — 25 274, бұл көрсетілген қызметтердің жалпы санының 16% құрайды (2018 жылы — 29 466 — 40%).
Электрондық форматта 113308 қызмет ұсынылды (ЭҮП, Е-лицензиялау — 12151, ақпараттық жүйелер – 101157). 2019 жылы электрондық түрдегі қызметтер үлесі 70% құрады (2018 ж. — 33078 — 45%), бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 25% -ға жоғары.
Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» порталы және ақпараттық жүйелер арқылы баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 156360 құрады, бұл көрсетілген қызметтердің жалпы санының 97% құрайды, 2018 жылдың дәл осы кезеңінде — 67053 — 92%.
2019 жылдың ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тартудың саны — 286 (немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының 0,18%-ы) болды (2018 жылдың сәйкес кезеңінде — 319 (0,44%)).
2019 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту мониторингінің нәтижелері бойынша 3 мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылықтар анықталды (2018 ж.- 0).
2019 жылға алынған мәліметтерді талдау көрсеткендей, қызметтердің ең көп саны ветеринария саласында (54%), халықты әлеуметтік қорғау (15,7%) және білім беру (13,4%) салаларында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде «электрондық үкімет» порталы арқылы алуға, тұрғындардың кең қол жетімді болуы үшін ауданда 227 «өзіне-өзі» қызмет көрсету бұрышы құрылды (аудан әкімдігінде, 11 қалалық және ауылдық округ әкімшіліктерінде, 11 аудандық бөлімдерде, 5 колледжде, 43 орта мектептерде, 100 балабақшаларда, 35 медициналық мекемелерде, 9 кітапханаларда, «Қазпочта» АҚ-ның 11 пунктілерінде), ол жерлерде электрондық қызметтерді өздігінен алуды үйрену және электрондық цифрлық қолтаңбаларға өтініш беру бойынша кеңестер беріледі. 2019 жылы аудан тұрғындарымен «өзіне-өзі» қызмет көрсету бұрыштары арқылы 49815 электрондық мемлекеттік қызмет алынды.
Аудан әкімдігінің сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілетін қызметтердің заманауи стандарттары, регламенттері және инфографикасы, «Электрондық үкімет» порталына кіруге белсенді сілтемелер, қызмет алушыларға кеңес беру үшін қызмет көрсетушілердің байланыс деректері, мемлекеттік қызметтердің тізімдері орнатылған.
Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы, оның ішінде «Мемлекеттік корпорация» және «Электрондық үкімет» порталы арқылы үнемі қол жетімді түрде ақпараттандыру мақсатында 2019 жылы 95037 адамды қамтылған 127 ақпараттық іс-шара өткізілді. (2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда — 16640, бұл 5,7 есе көп). Республикалық және облыстық телеарналарда жаңалықтардан 3 репортаж, «Жетісу» және «Талғар» газеттерінде 54 мақала жарияланды, 22 жәрмеңке, 17 дөңгелек үстел, 69 семинар, 11 дәріс, 1 коллегия, 22 «Цифрлық агент» мобильді қосымшаның презентациясы өткізілді және 13 «Е-zhetysu», «MektepSitCen», халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен бірге — 16 акция өткізілді.
Қоғамдық орындарда (LEDэкрандарда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда және т.б.) «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда алу тәртібі туралы бейнероликтер көрсетілде.
2019 жылы ауданда 25 билборд орнатылып, «электрондық үкіметті» насихаттау туралы 25 бейнероликтер түсірілді.
Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде барлық мемлекеттік органдар өз парақшаларын ашты, онда мақалалар, бейнероликтер мен өткізілген іс-шаралар жарияланады.
Ішкі бақылау аясында 20 бақылау шаралары өткізілді (2018 жылы — 12), тексеру барысында 64 бұзушылық анықталды (2018 ж. — 1150). Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін, өткізілген шаралардың нәтижелері бойынша 16 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды (2018 жылы 10).
Аудан әкімінің аппараты мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қолайлы жағдай жасау бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Өңірде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында шаралар қабылдау үшін ведомствоаралық топ құрылды, оның негізгі мақсаты мемлекеттік қызметтерді көрсетуден туындайтын проблемалар мен кемшіліктерді қарастыру болып табылады. Комиссия құрамына ҮЕҰ /үкіметтік емес ұйымдар/ өкілдері мен депутаттар енгізілді. Жұмыс сапарларының нәтижесінде қабылданған ұсыныстар барлық мемлекеттік органдар, ведомстволармен кәсіпорындарға, сонымен қатар Талғар және ауылдық округ әкімдеріне орындауға міндеттелген. 2019 жылы 26 жұмыс сапарлар өткізілді, нәтижесінде 195 ұсыныстар қабылданды. Орындалғаны — 127, орындалмағаны – 68, 2020 жылға 30 жұмыс сапарлар өткізу жоспарланған.
Әкімдіктің мемлекеттік органдарының 74 ғимараттарында ұйымдастырылған:
- — пандустар-70,
- — мүгедектерге арналған авто тұрақтар — 24,
- — Брайль шрифтімен жазылған мемлекеттік органның атауы мен жұмыс кестесі тақтайшалары – 15,
- — мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған қоңырау түймелері – 64.
Мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау критерийлерінің бірі мемлекеттік қызметтердің уақытылы және сапалы көрсетілуі, азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін арттыру. Талдамалы кезең ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтерге шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсететін аудан әкімдігінің барлық атқарушы органдарында әр мемлекеттік қызметті көрсетуге, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізу үшін жауапты мамандар белгіленген.
Ж.Нұрғалымов,
аудан әкімінің аппарат басшысы.