Бүгінгі таңда көпбалалы отбасыларға көмек көрсету мақсатында «Жақсылық жаса» қайырымдылық акциясы бастау алған болатын. Жуырда «Мейірім» еріктілер тобы акция аясында Панфилов ауылында тұратын көпбалалы отбасылардың үйіне барып қайтты. Хал-жағдайларын сұрап, өздері арнайы апарған сыйлықтарын тарту етті. Жастар тарапынан жасалып жатқан қамқорлыққа риза болған батыр аналар алғыстарын жаудырды.
- Өткізіліп отырған қайырымдылық іс-шарасының басты идеясы қоғамда көпбалалы отбасыларына деген сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру болып табылады, өйткені қайырымдылық жасау – бұл әлеуметтік жауапкершілікті білдіреді, — дейді акцияға қатысушылар.
Талғар-ақпарат