Жастарды зияндылықтан ада болуға үндеді

Жастарды зияндылықтан ада болуға үндеді

«Жетісу адалдық алаңы» жобасының мақсаты –  сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, жастардың білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу болып табылады. Осыған орай аудандық жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен  Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Талғар аудандық филиалында кездесу өтті.  Кездесу барысында аталған мекеменің директоры К. Отарбаева, аудандық мәслихат депутаты С. Нұрдаулетов пен аталмыш орталықтың  жетекшісі З. Қалымбетова жоба туралы мекеме қызметкерлеріне кеңінен түсінік беріп өтті. Сондай-ақ қоғам дертінің мемлекеттің дамуына зияны орасан екендігін жеткізіп, жастарды аулақ болуға шақырды.

«Талғар-ақпарат»