Жуырда аудандық «Nur Otan» партиясының мәжіліс залында аудандық партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа аудандық партия филиалы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мен аудандық мәслихат депутаттары қатысып отырды. Бүгінгі күні партияның бақылау комиссиясы ашықтық, жүйелілік, заңдылық, алқалылық принциптері бойынша жұмыс жасайды. Комиссияның міндеті партия мүшелерінің партиялық тәптіпті сақтауын қағалау мен партия мүшелерінің партияның бағдарламалық құжаттарының қағидаларын және Елбасы, Партия төрағасының тапсырмаларын іске асыру бойынша қызметін бақылау және бағалау.
Бұл күнгі отырыстың күн тәртібінде бір ғана «Ерекше күтімді қажет ететін адамдар үшін көлік және орта инфрақұрылымын дамыту және «Қолжетімді орта» мемлекеттік бағдарламасы мен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру» туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысыың есебін тыңдау болды. Партияның бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Сұлтан Нұрдаулетов жұмыс регламентін бекітіп, баяндамшыға сөз кезегін берді. Мінберге көтерілген аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жаден Байсбаев Мемлекет басшысыың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін елді мекендерде «кедергісіз орта» құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары жайлы баяндап берді. Өткен жылы облыс бюджетінен қаражат бөлініп ауданымыз бойынша 16 пандус орнатылған екен. Нысандарға пандус орнатуда стандарттық нормалар талаптарының сақталуын және бейімдеу жұмыстарының сапалы орындалуын бақылау мақсатында қоғамдық кеңес мүшелері мен мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен рейдтер ұйымдастырылған. Мүгелектер жиі баратын халыққа қызмет көрсететін мекемелер орналасқан көшелерге арнаулы жол белгілері қойылып, автотұрақ орындары белгіленген. Қаламыздағы «Соқырлар қоғамы» орналасқан Рысқұлов пен Б.Шолақ көшелерінің қиылысында бағдаршам нысаналарына көздері нашар көретін мүгедектерге арналған дыбысты құрылғы орнатылған. Өткен жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында өз бетінше жүре алмайтын 1 топтағы 304 мүгедекке 303 жеке көмекші, ыммен сөйлейтін 74 мүгедекке 7 маман қызмет көрсеткен. 131 мүгедекке протездік-ортопедиялық құралдары, 74 мүгедекке қоларба, 1489 мүгедекке гигиеналық құралдар, 50 мүгедекке тифлоқұралдар, 49 мүгедекке сурдотехникасы, 647 мүгедекке денсаулығын түзету үшін шипажайға жолдама беріліп, инвотакси қызметіне 64 мүгедек 6573 рет тапсырыс бергендігін айтқан бөлім басшысының есебіне комиссия мүшелері қанағаттанып, осы мәселе бойынша қаулы қабылдады. Қаулы негізінде аталмыш бөлім басшысы партия филиалына «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында атқарып жатқа жұмыстары туралы ай сайын ақпарат беріп тұруға міндеттеліп, аудандық «Nur Otan» партиясының Партиялық бақылау комиссиясы қаулының орындалуын қадағалайтын болды.
Перизат Нұрқаева,
«Талғар».