Бүгін Өстемір ауылында орналасқан №14 мектепте Талғар ауданы жастар ресурстық орталығының психолог маманы Шубекова Ақмарал Ақпаржанқызы «Мен өмірді сүйемін» атты тренинг өткізді.
Жоғары сынып оқушыларының қатысуымен өткен тренингі өмірге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында – өмір мектеп, өмір кітап. Себебі шыр етіп дүниеге келгенде біздің ешнәрседен хабарымыз жоқ. Бәрін өмірден үйренеміз.
Бізге ата-анамыздан бастап өмірімізде кездескен адамдардың барлығы біздің мұғаліміміз. Жақсыны да жаманды да айналадағылардан көреміз, үйренеміз. Өмір кітап, себебі біздің өміріміздің әрбір өткен шағы сол кітаптың бір беті. Өмір, тіршілік бізге берілген сый, оны бағалап әрбір күнімізді қуана қарсы алып, жақсы өткізуіміз керек. Мен өмірді сүйемін тақырыбыныда оқушылар өз ойларымен бөлісті.
Талғар-ақпарат