Бүгін Талғар медициналық колледжінің студенттерінен құралған жастар ісі жөніндегі комитет мүшелерімен кездесу өткізілді.
Бұл кездесудің мақсаты 14-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар, студентер, жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері және ерікті жастар, neet жастарды — жастар корпусын дамыту «Zhasproject» жобасына қатысуға шақыру.
Кездесу барсында жастар корпусын дамыту «Zhasproject» жобасы бойынша біраз түсіндірме жұмыстарын жүргіздім. Жоба туралы және қалай тіркелу керек, кімдер қатыса алады, жобаны қалай жазу керек туралы барлық ақпаратты бердім.
Студенттер жоба жайлы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Бір-бірімен жобаның тиімді тұстарын талқылады.
Замира Қалымбетова,
Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі.