Бүгін Талғар медициналық колледжінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы, Бизнестің жол картасы – 2020, Дипломмен ауылға!, «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы» аясында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі» атты кездесу өтті.
Кездесу барысында қоғамның жəне экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сəйкес техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, əлемдік білім беру кеңістігіне кірігу, педагог мамандығының беделін көтеру, білімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру тура айтылды.
Кездесуді Талғар қаласының жастар ісі жөніндегі мамандар жүргізді. Шараға Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының мамандары, студенттер, жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері қатысты.
Айтхажанов Нұржан,
Талғар қаласының жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы.