Бүгін Талғар қаласының №49 мектебінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл-патриотизм белгісі» атты «Адал ұрпақ» клубының мүшелерімен кездесу өтті.
Мақсаты — Сыбайлас жемқорлықтын алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Жастардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу. Жастарды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету. Жастарды патриоттық тәрбиеге баулу.
Кездесу барысында «Жетісу адалдық алаңы» жобасы туралы, сыбайлас жемқорлықтың жастарға зияны туралы айттым. Әлі қанаты қатая қоймаған жас ұрпақ үшін бұл маңызды шара болды. Олар өздерін қызықтырған, толғандырған сұрақтарын қойды. Тұщымды жауап болды деп ойлаймын.
Барынша тақырыпты ашуға тырыстық. Оқушылардың алған әсері мол болды.
Кездесу қорытындысы бойынша мектеп ұстаздары мен білімгерлері арасында эстафеталық ойындар өткізу жоспарланды.
Замира Қалымбетова,
Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі.