Бүгін «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» атты көмек көрсету акциясы өтті.
Акция мақсаты — үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету. Жастарға үлкендерді сыйлау, түсіндіру, мейірімділік пен қамқоршы болуға шақыру, дұрыс өмірлік ұстанымдарға бағыттау, көпбалалы аналарға көмек көрсету.
Акция барысында ауыл жастары Талғар ауданы, Гүлдала ауылы, Қонаев көшесі 23 үйде тұратын Шыңғысова Арайлым есімді көпбалалы ананың үйіне барып отынын жарып, ауласының қарын тазалады. Акцияға Гүлдала ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі мамандары және ауылдың белсенді ерікті жастары қатысты. Шараға 15 адам қатысты.
Мәкен Мурат,
Гүлдала ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы.