Жастар ардагерге көмек көрсетті

Жастар ардагерге көмек көрсетті

Бүгін«Ардагерді ардақтайық» атты акциясы өтті.

Акция барысында Талғар ауданы, Панфилов ауылы, Құлжа көшесі,  №3 үйде тұратын ҰОС ардагері Пучкин Павел Васильевичтің үйіне барып жастар отынын жарып, мұзын ойып, қарын тазалады.

Акцияға Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының  мамандары, Талғар аудандық пробация қызметінің инспекторлары А.А. Жаркинбаев, Е.Ж. Заки және пробация есепте тұрған жастар, еріктілер қатысты.

Өз кезегінде жастарымыз кез келген уақытта көмектесуге әзір екендіктерін айтып, тағы да келіп көмек-көрсетуге уәде берді.

Аталмыш акцияға 50 адам атсалысты.

А. Шубекова,

Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының психолог маманы.