2020 жылдың 05 ақпан күні, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде Жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Таза сессия» атты акция өтті.
Сыбайлас жемқорлық қазiргi қоғамнан тұрақты түрде мұқият зерделеудi, жүйелi ұстанымды, кешендi және жедел қарсы iс-қимылды талап ететiн жағымсыз құбылыс болып табылады. Осы тақырып тереңірек ашылып, жастар арасында сұрақ-жауап қою арқылы талқыланды.
Кездесу мақсаты — Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Жастардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу. Жастарды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету. Жастарды патриоттық тәрбиеге баулу.
Акция барысында жемқорлықтың алдын алу туралы колледж директоры Ж.Қ.Сатылғанов пен директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары Д.Б.Бозымбековаға сөз беріліп, білім алушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Акция қорытындысы бойынша пікір алмасу өтті.
Жәнібек Бекбау,
колледж оқытушысы.