Ардақ Назаров жастармен кездесті

Ардақ Назаров жастармен кездесті

Еріктілер жылына орай   2020 жылдың 01  ақпан  күні, сағат 12.00-де Талғар ауданы, Рысқұлов ауылындағы №16 орта мектептің мәжіліс залында аралас жекпе-жектен 3 дүркін әлем чемпионы, Еуразияның 2 дүркін чемпионы, Әлем Кубогының иегері, Қазақстанға еңбек сіңірген спортшысы- Назаров Ардақ Құттықожаұлымен жастар кездесті.

Кездесу мақсаты — Жастарды  білім алуға, Отанды сүюге, құрметтеуге, ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу.

  Ұлт тәрбиесі — ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесінде. Білімді, денсаулығы мықты, интеллектуалды саналы азамат қалыптастыру  үшін жастар, қоғам, ата-ана болып ынтымақтасып  ат салысуымыз қажет және бұл тұрғыда балалардың  толыққанды отбасында тәрбиеленуі, өмір сүруі  үлкен септігін тигізері анық.

Кездесу барысында жастарға білім алуға, Отанды сүюге, құрметтеуге, ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу мақсатында сөз қозғады. Шараға  Талғар ауданының жастар ресурстық орталығы, №16 мектептің оқушылары, ұстаздар, ерікті жастар,  жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері қатысты.

Айсулу Калтаева,

Рысқұлов ауылындағы №16 орта мектептің оқытушысы.