АБАЙ АЙТҚАН АДАМ ДӘРЕЖЕСІНЕ КӨТЕРІЛЕЙІК!

АБАЙ  АЙТҚАН  АДАМ ДӘРЕЖЕСІНЕ  КӨТЕРІЛЕЙІК!

Біздің буын Абайдың қара сөздерінен қуаттанып, өлеңдерінен нәр алып өскен буын. Абай мен қазақты бөліп қарамақ түгілі ақыл мен ойдың кемеңгерін ұлықтау арқылы бүкіл руханиятымызды жаңғыртып отыратынбыз.

Аумалы-төкпелі дәуірде кез келген күрделі мәселелерді Абайдың даналығымен байланыстырып, тиімді жауап таба алатынымыз да сондықтан деп ойлаймын.
Биыл сол ұлы тұлғамызға 175 жыл толып отыр. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты көлемді мақаласын жариялағанынан хабардармын. Мен де мақаламен баспасөз бетінен толықтай танысып шықтым. Бұл жазбадан түсінгенім, Абай арқылы қазақты әлемге танытуға үлкен мүмкіндік туып отыр. Жаһан жұрты Абайды таныса, қазақтың қандай ұлы халық екенін біледі. Қасым-Жомарт Кемелұлы әрбір іс-шараны өткізуде Абайдың айтып кеткен құндылықтарына құлақ асуға үндейді. Әсіресе, өскелең ұрпақты Абай сөздерімен қанаттандырып, қазақтың бітім-болмысын Абай арқылы тануға үйрету керек екендігін алға тартады. Сонда ғана қоғам Абай айтқан бүтін адам дәрежесіне көтеріле аламыз. Мемлекет басшысының мақаласын басшылыққа алып, алдағы уақытта тек мерейтой қарсаңында емес, әр жыл сайын Абай мұрасын дәріптеп, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге күш жұмсау қажеттігін айқындадық.

Баршын ІЗБАСАР,
ақын, журналист, Әлем Халықтары Жазушылары Одағының мүшесі.