Күзет бөліміндегі келелі шара

Күзет бөліміндегі келелі шара

Өткен аптада Ақтас елді мекенінде қоныс тепкен Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігіне қарасты Алматы қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің күзет бөлімі республикалық мемлекеттік мекемесінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты шара болып өтті. Күзет бөлімі мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Бауыржан Қаласов күзет бөлімі сарбаздарын айтулы мерекелерімен құттықтап, жұмыста белсенділік танытқан қызметкерлеріне «Алғыс хат», «Мадақтама» қағаздарын табыс етті. Мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Рауан Шаяхметов сөз сөйлеп, әріптестерін құттықтаса, күзет бөлімінің кәсіби-даярлық және денешынықтыру даярлығы бойынша әділет аға лейтенанты Қуат Сопиев баяндама жасап, ұжымның жыл көлемінде атқарған жұмыстарын саралап берді. Салтанатты шарада Кеңдала ауылдық округінің кеңсесінің бөлім басшысы Айнагүл Изгуттенова және жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы Әлия Мәлікаждаровалар күзет бөлімінің қызметкерлерін мерекемен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Тұрсынбек Жалғасбаев,
«Талғар».