Латынның артында ұлттық мүдде тұр

Латынның артында ұлттық мүдде тұр
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады. Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз…», – деп атап көрсеткен еді. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен тіл жанашырлары бұл мәселені кеңінен талқылап, игі бастаманы жүзеге асыруға құлшына кірісіп кеткен еді. Оған жыл басынан осы кезге дейін пәрменді түрде атқарылып жатқан ауқымды іс-шаралар – дөңгелек үстелдер, семинарлар мен конференциялар, әр түрлі мекемелер мен білім ордаларындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатқан мақалалар дәлел.
Осындай жұмыстардың бір парасы № 33, №17, №22, №36, №16, №42, №38, № 39 жалпы білім беретін орта мектептерде атқарылды. Алматы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Талғар филиалының жетекшісі Камнұр Тәлімұлы бастаған Гүлнәр Мамырбаева, Ләйлә Абызова, Рая Байшықова сынды оқытушылар білім ордаларының қызметкерлерімен кездесіп, 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керектігін айтты. «Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», – деп түйткілді ойын жеткізген модераторлардың сөздерін ұстаздар қауымы жылы қабылдап, батыл қадамға сай екендіктерін байқатты.
Кездесу барысын аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ұлбосын Ақжігітова қорытындылап, оңтайлы әліпбиімізді жасап алу – кезек күттірмейтін мәселе екендігін жеткізді.

 

Меруерт ДҮЙСЕНҒАЛИЕВА
ТАЛҒАР-АҚПАРАТ
TELEGRAM  КАНАЛЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!