Үлгілі пошта қызметкері!

Үлгілі пошта қызметкері!
«Алтын алма, алғыс ал!» деген қазақтың қанатты сөзі Қызыл-Қайрат аулындағы «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшесіндегі оператор болып жұмыс атқаратын Гүлназ Қабышеваға қаратып айтылғандай. Алматы қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы университеттің финанс саласын бітірген Гүлназды қашанда қат-қабат жұмыстардың үстінде отырғанын көрер едіңіз. Халыққа өте бір керек мәлімет, осы ауылдағы «Қазпошта» бөлімшесі бірнеше жылдан бері; «Альфа», «Еуразия», «Хоум», «АТФ», «Азия-кредит» банкі арқылы халыққа несие бере бастады. Әсіресе « Азия-кредит» банкісі төменгі пайызбен 75-жасқа дейінгі зейнеткерлерге 5 миллионға дейін несие рәсімдеуі көптің көңілінен шығуда. Мәселен, 2019 жылдың өзінде 450 милионның несиесі халыққа беріліпті.
Міне, осының бәрінде де өз кәсібінің білгір маманы Гүлназ Қабышевадай жас қыздың еңбегі жатқаны сөзсіз. Жас маман Гүлназ Қабышева бізбен әңгімесінде: «Қазір ақпараттар ағыны тасқындап тұрған кез. Өзара бәсекелестік тайталасып тұрған заманда әлеуметтік желілер мен теледидардан қанша көрсе де, кітап оқып, газет-журналдарды оқыған жандардың қашанда өресі биік, пікірі айқын екенін байқаймын. Газет-журналдардың орнын ешбір ақпарат құралдары баса алмайды. Халық кітап оқитын кезге бәрібір қайта оралады. Ал, апта сайын Талғар өңірінде болып жатқан сан-алуан жаңалықтары мен өзгерістерді, талғарлықтардың аудан көлеміндегі атқарған жұмыстарынан хабардар етіп отыратын «Талғар» газетінің орны бөлек. Халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан «Талғар» газетіне ауыл халқы көптеп жазылатынына бек сенемін және менде өз үлесімді қосамын» – дейді ол.
Тұрсынбек Жалғасбаева
ТАЛҒАР-АҚПАРАТ
TELEGRAM  КАНАЛЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!