Баспасөз – халық айнасы

Баспасөз – халық айнасы
Баспасөзді халық өмірінің айнасы десек, әлем жаңалықтары мен елімізде болып жатқан оқиғаларды дер кезінде теледидар мен газет-журналдар да, түрлі сайттар мен әлемдік желілер арқылы сәт сайын хабар жеткізіп отыратын журналистер еңбегі-халық үшін қашан да зор. Қазір ақпараттар ағыны тасқын судай ағып, бәсекелестік заманы келген кезде, республикалық, облыстық, аудандық газеттер өз жанын өзі күйттейтін уақытқа тап келіп отыр.
Соның бірі-аудандық қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық «Талғар» газеті. Қай кезде де қарапайым еңбек адамдары жұмысшы мен шаруалардың мүддесін қорғайтын аудандық газеттен кешегі Кеңес Одағы өмір сүрген тұста бюрократтар мен мансап биігінде отырған шенді-шекпендер өлердей қорқатын. Аудандық газетте сынға ілінген шенеунік көп уақыт өтпей-ақ орнынан босап, партиялық жазаға ілінетін. Талғар аудандық газеті ол кезде екі тілде шығатын. Сол кезде «Звезда Алатау» газеті болып шығатын үнпарақ 10-12 мың тираждан әсте түспейтін. Қазір халық пен газет бір-бірінен алшақтап кеткен соң ба, газет тиражы 1500 данаға әрең жетіп отыр. Кешегі Ұлы Отан соғысы кезінде де халыққа сүйеу болып, дем беріп отырған «Талғар» газетінің жабылу алдында тұруы, Талғар халқы үшін үлкен сын емес пе? Сонда халықтың елдігі қайда? Газет халықтың үні емес пе еді? «Талғар» үнпарағы- аудан ұстаздары үшін қымбат. Сондықтан қаладағы №9 қазақ орта мектебінің ұстаздар қауымы 2020 жылдың 12 айына түгел жазылуды жөн көріп отырмыз.
Алмаш Алдибекова
№9 қазақ орта мектебінің директоры
ТАЛҒАР-АҚПАРАТ
TELEGRAM  КАНАЛЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!