«Әлеуметтік карта» жаңартылды

«Әлеуметтік карта» жаңартылды
Қазақстан Үкіметтінің 13 қараша 2013 жылғы №1217 Қаулысына сай қала аумағында орналасқан адам көп шоғырланатын бизнес объектілерінің терроризмге қарсы қорғану төлқұжатын даярлау және оны іске асыруды бақылауда ұстап, жекеменшік ғимарат иелеріне іс-шараның мақсаты түсіндіріліп, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні қала аумағында орналасқан «Абис way» сауда үйіне, «Royal» кафесіне, «Khan Kebab» кафесіне, «Shahar» кафесіне, «Версаль», «TRIUMPHER» фитнес орталығына, «ALMALY» балалар және жасөспірімдер мектебіне, «Қонаев атындағы» заң колледжіне, «Бөбек», «Айналайын», «Қарлығаш», «Премиум» балабақшаларына, «Аумақтық туберкулез диспансерына» «Аумақтық наркологиялық орталығына» төлқұжат даярлау туралы нұсқама берілді.
Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында студенттер мен жұмыссыз жастарды интернеттік желілерден қорғау мақсатында қала аумағындағы 6 интернет клуб басшыларына тыйым салынған діни экстремистік сайттарға кіруді бақылау үшін өз қаражаттарына бейнебақылаулар орнатылған. Интернет клубтарға флаерлар мен нұсқамалар ілінді. Талғар қаласы әкімшілігі орталық мешіттің найб имамы Ж.Анарбеков, Талғар бойынша дін істері инспекторы Е.Төребаев шақырылып, Талғар таэквондо «ТЕАМи К» күрес клубында «Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстарының қауіптілігі» атты жиын өткізілді. Жиын барысында осы тақырыпқа байланысты әлеуметтік роликтер көрсетіліп, жас спортшыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Талғар қаласы әкімі жанында терроризмге қарсы комиссиясының 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес №5 орта мектепте мектеп оқушылары мен ұстаздардың қатысуымен жиналыс өтті. Жиналысқа Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің дінтанушы маманы М.Манарбекұлы, Б.Құдайбергенов, Талғар ауданының «Нұржау» мешітінің бас имамы Ұ.Абдуалиев, «Алматы облысы дін істері басқармасы» ММ, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММқ Талғар бойынша дін істері инспекторы Е.Төребаев, Талғар қаласы ақпараттық топ төрағасы Б.Күрішбеков қатысып, «Жат ағым, жат қылықтан сақтанайық!» тақырыбында ой-пікірлерін ортаға салды. Осындайц басқосу №2 орта мектебінде өткізіліп, оған ҰҚК қызметкерлері және Кеңдала ауылы мешітінің бас имамы Ғ.Қарымбаев қатысты. Қорғаныс істері біріккен бөлімінде «Діни экстремизм туралы не білеміз?» тақырыбында өтті. Оған «Алматы облысы дін істері басқармасы» ММ, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ Талғар бойынша дін істері инспекторы Е.Торебаев пен ақпараттан топтан бөлек аудандық мешітінің бас имамы М.Тағанұлы, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің студенті, дінтанушы-маман Б.Құдайбергенов шақырылды. Мұндай шаралар ТАжМК, Д.Қонаев атындағы заң колледжі, Талғар политехникалық, педагогикалық колледждерде, «Барыс» күрес клубында, тағы басқа мектептерде де ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шаралар «Талғар» газетінде және әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook) жарияланды.
Жұртшылықты террористік актілердің алдын-алу туралы хабардар ету мақсатында Талғар қаласының тұрғындары салықтық қолхаттарда «Діни әрекеттердің алдын алу туралы» деген нұсқаулықтар шығарылады. Жылдың басынан бері 2000-ға жуық кіріс туралы жер салығы, мүлік салығы және көлік салығы бойынша ұсыныстар берілді. Қаланың орталығында экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «114» қауырт желі «LED» экранында видеоролик көрсетіліп тұрады.
Сонымен қатар Талғар қаласындағы дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанатындардың «әлеуметтік картасы» құрылып, қаладағы діни ахуалдың картасы жаңартылды.
Ж. Әуелбаев,
Талғар қаласының әкімі.
TELEGRAM  КАНАЛЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!