Мобильді топтың айтары көп

Мобильді топтың айтары көп

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарла-маларын түсіндіру бойынша көшпелі іс-шаралары облыс бойынша жүйелі ұйымдастырылуда. Жуырда осы бағытты арқау еткен білікті мамандардан құрылған мобильді топ Белбұлақ ауылының №32 мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді. Топ құрамында Алматы облысының жастар ресурстық орталығының «Жастарға әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету бөлімінің» басшысы Е.Шопатаев, бөлім мамандары А.Серикова, Р.Тұрланов болды. Кездесу модераторы – аудандық жастар ресурстық орталығының маманы М.Абатайқызы басқосудың басты мақсатымен түсіндіріп, қонақтарды таныстырып кеткен соң сөз алған мамандар «Жастар жылындағы» атқарылған ауқымды шаралар мен жобаларды атап кетті. Сондай-ақ жыл соңына дейін қолға алынған бастамалармен де таныстырып шықты. Мемлекет тарапынан жастар үшін жасалынып жатқан қолдаулар мен бағдарламаларды тілге тиек етіп, болашақ студенттер үшін жасалынып жатқан көмектерге тоқталды.

Дәл осындай кездесу С.Сейфуллин атындағы №2 мектеп қабырғасында да ұйымдастырылды. Бұл кездесудің модераторы Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі З. Қалымбетова болды.

Меруерт Бөлек,
«Талғар».