Фракция отырысы өтті

Фракция отырысы өтті

Жуырда аудандық « Nur Otan» партиясының ғимаратындағы жиынжайында Талғар аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы болып өтті. Жиынға аудандық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Ермағанбетова, аудандық мәслихат хатшысы Ж.Еңкебайұлы және облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, бірқатар бөлім, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

Отырыс жұмысына фракция жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Бәзілхан Әбдіғани төрағалық жасап, жиналғандарды күн тәртібімен таныстырып, регламентті бекітті. Күн тәртібіне үш мәселе қойылған. Біріншісі: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бағытындағы атқарылған жұмыстар мен қызметтерді электронды форматқа ауыстыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы аудандық білім бөлімінің және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есептерін тыңдау; екінші мәселе – Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасының «Шағын несие беруді көбейту» бағыты бойынша ауданымызда іске асырылып жатқан жұмыстар туралы есебін тыңдау; үшінші кезекте – Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасының «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» бағыты бойынша және «Құтты мекен» ұлттық жобасының ауданымызда іске асырылып жатқан жұмыстары туралы есебін тыңдау.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Садвакасова мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Р.Аринованың тұщымды есепті баяндамаларын жасады. Қ.Садвакасова білім бөлімінде, мектептер мен балабақшаларда көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне жіті тоқталып, атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Осыдан кейін мінберге шыққан аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Эльвира Құрманова бағдарлама шеңберінде 35 адамға шағын несие берілгенін, оның ішінде «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 28 адамға жалпы сомасы 141,3 млн. теңге несие берілгенін жеткізді. «Бастау Бизнес» жобасы арқылы жыл басынан бері 98 адам оқуға жіберіліп, олардың барлығы өз бизнес жоспарларын қорғап шыққаны да айтылды. Осы және өзге де маңызды мәліметтерді алға тартқан баяндамашы, алдағы уақытта да бұл бағытта жұмыс жүйелі әрі жоспарлы түрде жүзеге асырылатынын тілге тиек етті. Күн тәртібі бойынша тыңдалған үшінші мәселеге қатысты аудандық «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің бас маманы Айбек Ақылжанов есеп берді. Бұл күнгі отырыста есептері тыңдалған бөлім басшылары мен бас маманға депутаттар тарапынан бірқатар сауалдар қойылып, түсіндірме жауаптар алынды. Сын-ескертпелер де айтылды. Осылайша жан-жақты талқыланған мә-селелерге қатысты тиісті шешімдер қа-былданып, нақты тапсырмалар берілді.

Райхан Азимова,
«Талғар».