Жігерлі жастар жиыны

Жігерлі жастар жиыны

«Сорос-Қазақстан» қорының «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасы аясында, «VECTOR» жастар одағы» жастар ұйымы жүзеге асыратын «Талғар қаласының әлеуметтік және инфрақұрылымдық картасын жасау бойынша зерттеу жүргізу» жобасының жұмыс тобының отырысы өтті. «Бірлескен қажеттіліктерді бағалау (ҚББ) немесе халықтың қажеттіліктері және қоғамдастықтың әрекет жоспарын әзірлеу» әдістемесін оқыту бойынша тренинг өтті. Оған Талғар ауданының қоғамдық кеңес мүшелері, ҮЕҰ, бизнес өкілдері,   тұрғындар және жастар, Талғар ауданының еріктілері қатысты.

Жұмыс тобының мақсаты – тұрғындардың нақты мәселелер мен қажеттіліктерді шешуге, қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, қалада әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың нақты алаңын құруға және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру арқылы азаматтардың қатысуын арттыруға үлес қосу болып табылады.

Жұмыс тобы  жергілікті тұрғындармен фокус-топтар құруды, бірлескен топтық талдау әдістері мен   проблемалар галереясы, себеп-салдар байланысын талдау,   жұптасып саралау, дөңгелек диаграммалар, ресурстарды талдау сынды әдістермен кеңінен танысты.

ЗАМИРА ҚАЛЫМБЕТОВА

аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі

ТАЛҒАР-АҚПАРАТ

TELEGRAM  КАНАЛЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!