Отбасылық байқау
«Жас отау» жас отбасылар байқауының Талғар аудандық іріктеу кезеңі өтті,- деп хабарлайды Талғар-ақпарат.
⠀
Бүгін, Кеңдала ауылының №36 мектебінде жас отбасылар арасында байқау өткізілді.
Әділ қазы алқалары — Кеңдала ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы Көлбаев Бексұлтан Қайырбайұлы, «Талғар» аудандық қоғамдық – саяси, әлеуметтік экономикалық газетінің тілшісі Азимова Райхан Болатханқызы, Қызыл-Қайрат Мәдениет Үйінің дәстүрлі әншісі Манай Надхан, «Талғар ауданының жастар ресурстық орталығы» жетекшісі Қалымбетова Замира Нұрланқызы болды.
⠀
Байқау 4 кезеңнен тұрды: «Жүйрік болсаң, шауып көр» отбасылық спорт жарысы, «Таныстыру», «Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» сұрақ-жауап, және «Өнерліге өріс кең» өнер кезеңі.
Байқауға 5 отбасы қатысып, спорттық шеберліктерімен қатар, өз өнерлерін паш етті.
Байқау қорытындсы бойынша:
І орынды «Сезім» тобы (Барахандар отбасы, Кеңдала ауылдық округі),
ІІ орынды «Бақыт» тобы (Әбіл отбасы, Бесағаш ауылдық округі),
ІІІ орынды «Өнегелі отбасы» тобы (Абдукаримовтар отбасы, Белбұлақ ауылдық округі) иеленіп, арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Ал, алғыс хаттар және ынталандыру сыйлықтарымен «Болашақ» тобы (Мамбетовтер отбасы, Нұра ауылдық округі), «Белес» тобы (Куккузовтар отбасы, Белбұлақ ауылы) марапатталды.
Жеңімпаз атанған «Сезім» тобы облыстық жас отбасылар байқауына жолдама алды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
⠀
ТАЛҒАР-АҚПАРАТ
⠀