Синоптиктер дабыл қағуда

Синоптиктер дабыл қағуда

«Қазгидромет» РМК синоптиктері аталған аймақта күн райының ысуына байланысты ескерту жариялады,- дейді ТалғарАқпарат

Ай басынан бергі аптап ыстықтың елді біраз әбігерге салғаны бар. Десекте  бұл ыстықтың қашан қайтатынын дөп басып айту қиын. «Қазгидромет» РМК-ң ұсынып отырған болжамы бойынша апта соңы бұданда қатты ыстыққа ұласатынын айтып дабыл қағуда. Алматы облысының кей жерлерінде күндіз сынап бағанасы 41- 43 градусқа дейін жетеді деп күтілуде. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100% -ды көрсетуде. Сондықтан да, облыс тұрғындарына алдағы 2-3 күн ыстықпен күресуіне тура келеді.

ТалғарАқпарат