Димаш тыңдармандарына тосын сый жасамақ

Димаш тыңдармандарына тосын сый жасамақ

Отандық әнші Димаш Құдайбергенов жақында Лара Фабианмен бірлесіп дуэт жазады,-дейді ТалғарАқпарат.

Естеріңізге салсақ, Димаштың Лара Фабианмен таныстығы Қытайдың «IM SINGER 2017» тележобасы арқылы басталған болатын. Димаштың осы жобадағы көрсеткен өнеріне тәнті болған Лара, өз  пікірімен өзінің әлеуметтік желі парақшалары арқылы бөліскенін білеміз. Міне, сол жобадағы таныстығы дуэтпен жалғасын тапты.

«Жақында World music awards жүлдесінің иегері Лара Фабианмен жаңа дуэт назарларыңызға ұсынатын боламыз» , — деген әнші өз парақшасында.

 Димаш бұл қуанышты жаңалығымен тыңдармандарының қызығушылығын тудырғаны анық.  Дуэтке қатысты жарық көрген жазба астындағы пікірлер осы сөзіміздің дәлелі.

ТалғарАқпарат