Абай Құнанбайевтың 175 жылдық мерейтойына орай бастау алған ақын өлеңдерін оқу эстафетасы сағат санап танымалдыққа ие болуда. Мемлекет басшысының өзі қатысқан бұл челленджге, алыс жақын шетел азаматтары да атсалысуда, деп хабарлайды ТалғарАқпарат тілшісі.
Димаш өз кезегінде эстафетаны Ақтөбе обылысының әкімі, Оңдасын Оразалин мен Ресей мемлекетінің халық әртісі, Игорь Крутойға және әлемдегі өзінің барша тыңдармандары жолдаған болатын.
Әншінің өлең оқыған видеосы өзінің инстаграм парақшасына жарияланған бойда тыңдармандары Димаштың бұл эстафетасын қабылдайтынын жарыса жазып, пікір қалдырған болатын. Енді, міне, әлемнің әр жағынан Абай өлеңдерін жарыса оқыған әлеуметтік желілердегі видеолар осы сөзіміздің дәлелі болып отыр.
Бұл видеода италияндық қарт әжейдің, қазақ тілінде Абай өлеңін оқуы Димаш өнеріне деген, Қазақ халқына деген үлкен құрметін көрсетсе керек. Аз уақыттың ішінде әлемдік деңгейде жалғасын тапқан «Abai175» челленджінің біразға созылатыны анық.
Талғар-ақпарат