Алда-жалда психологтың көмегіне жүгінетін болсаң жан-жағыңдағыларда «өзінде психологиялық ауытқушылық бар ма?» деген күдік жалт ете қалатыны өтірік емес.
Аталмыш маманға жүйке жүйесінде кінəраты бар адам ғана жүгінеді-мыс деген соқыр сенім қалыптасып қалғандықтан да осқырына қарайтын болса керек. Осыдан соң да шығар мəселелер тұйықталып, шешімін таппай жататындығы. Нақты қазақ тілді психологтарға жүгінетін жандар тіпті саусақпен санарлық. Себебі біздің менталитет оған əлі дайын емес. Көбіне көмекке жүгінетін орыс жəне өзге ұлттың адамдары. Дегенмен, қу шөппен ауыз сүртпейік. Қазіргі кезеңде психолог мамандарға осыдан үш-төрт жыл бұрын-ғымен салыстырғанда басым көпшілік сенім артып келеді. Көптеген психологиялық тренингтер, психо-логиялық орталықтар жəне жеке кеңес беретін психологтар қатып қалған стереотипті бұзып келеді. Яғни
сұраныс бар.
Аудандық жастар ресурстық орталығы да биылғы жылы психолог маманмен толығып, өз ісіне жауапты Ақмарал Шубекованың жігерлі ойлары жастарға рух бере бастады. Жуырда Ақмарал Акпаржанқызы «Жасыл ел» еңбек жасақшыларымен бірге орталық саябақта «Өмірім – өз қолымда» атты тренинг ұйым-дастырды. Бұл тренинг адам бойындағы қабілеттерді бағалай білуге, өз-өзіне құрметпен қарауға, бір-бірімен сыйластықта болуға бағытталды. «Айналамыздағы адамдарымызбен қарымқатынасымыз қандай? Олар кімдер? Біз кімбіз? Өзімізді-өзіміз танимыз ба?» деген сұрақтарға жауап іздеген жастар
еркін басқосуда ойларын ашық айтып, пікірлерімен бөлісті.
– Техниканың дамыған заманында телефонға телмірген жастардың сөздік қоры азайып, одан қалса күйзеліске көп түсіп жатады. Арты өз-өзіне қол жұмсауға дейін барған фактілер жиілеп кетті. Өйткені
жастар бір-бірімен сырласпайды. Бар түйінді ішке сақтайды. Сыртқа шықпаған сөз адамның өзін жейді. Бұл тренинг сондай олқылықтардың орнын алуға бағытталды. Жəне алдағы уақытта жиі өткізуді жоспар- лап отырмыз, – дейді шараны ұймдастырушы Ақмарал Шубекова. Түрлі психологиялық, жұптық ойын-дармен үйіріп алып кеткен психолог маманға деген жастардың да сенімі қатая түскендей болды. Каби-неттегі қатып қалған жиындардан гөрі кең алаңда, еркін тақырыпта өткен шаралар көп септігін тигізеті-нін айта кеткен жастар өз идеяларымен де бөлісіп жатты.
М.Бөлек