«Тіл тазалығын сақтайық!»

«Тіл тазалығын сақтайық!»

«Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2019 жылдың маусым айынан бастап аудан көлемінде «Тіл тазалығын сақтайық!» атты акциясы өткізілетінін хабарлайды.

Акцияның негізгі мақсаты: аудан бойынша халыққа қызмет көрсету нысандары мен қоғамдық көліктердегі деректемелер мен көрнекі ақпараттарда тіл нормаларының Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкес ресімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету және бұл іске облыс жұртшылығын кеңінен жұмылдыру.

Акция аясында келесі шараларды өткізу көзделеді:

  • «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабы талаптарын халыққа түсіндіру;
  • деректемелер мен көрнекі ақпарат құралдарының тіл нормаларына сәйкес ресімделуін анықтау мақсатында жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлескен рейдтік зерделеу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • акцияның барысы жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялау.

Акция жұмысының ашылу рәсімі аудан бойынша 18 маусым күні өткізіледі.

Талғар-ақпарат