
Жасыл желекке оранған сулы да нулы мекен – кез келген мемлекеттің басты байлығы. Өкінішке орай, соңғы жылдары қоршаған ортаның ластануы, демалыс орындарындағы қоқыстар күрделі мәселеге айналған еді. «Таза Қазақстан» жобасы осы проблеманы түбегейлі шешуге бағытталған масштабты қадам болды.
Акция аясында елімізде мыңдаған түп ағаш отырғызылып, тарихи-мәдени ескерткіштердің айналасы ретке келтірілуде. Табиғатты таза ұстау – тек бүгінгі жайлылық үшін емес, келер ұрпаққа аманат етіп қалдыратын ең бағалы қазынамыз. Әрбір отырғызылған ағаш пен тазартылған бұлақ көзі – табиғатқа жасалған үлкен қамқорлық. Ел болып жұмылып, тазалықты ту етсек, Қазақстанымыз одан әрі көркейе түсері хақ.

