
Экологиялық мәдениет – бұл жай ғана қоқыс сұрыптау немесе ағаш отырғызу емес, ол – ел болашағына деген жауапкершілік. Осы орайда қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы қоршаған ортаны таза ұстаудың жаңа кезеңін бастап берді.
Бұл бастаманың басты мақсаты – тұрғындарды туған жердің табиғатын аялауға үндеп, қоғамда экологиялық әдепті қалыптастыру. Акция аясында қалалар мен ауылдарда, саябақтар мен су қоймаларының жағалауларында жаппай сенбіліктер өтіп жатыр. Маңыздысы – бұл науқандық жұмыспен шектелмей, әрбір азаматтың күнделікті әдетіне айналуы тиіс. Еліміздің тазалығы мен көркейуі әрқайсымыздың өз үйіміздің, ауламыздың тазалығынан бастау алады.

