«БЕС АСЫҚ» ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫНАН ЖАРЫС ӨТТІ


2026 жылғы 15 қазанда Панфилов ауылдық округі бойынша қыздар арасында «Бес асық» ұлттық ойынынан аудандық іріктеу жарысы №24 орта мектептің спорт залында өткізілді.
Жарыстың негізгі мақсаты – ұлттық ойынды насихаттау, қыздар арасында ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттыру, ептілік пен дәлдікті дамыту және аудандық жарысқа үздік ойыншыларды іріктеу.
Жарыс барысында қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, ұлттық ойынымызға деген қызығушылықтарын танытты.
Осы жарыстың ұйымдастырылуына қолдау көрсетіп, ұлттық спорттың дамуына үлес қосып жүрген Талғар ауданының дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығының директоры Сүйіндік Қа pigletsатұлына алғысымызды білдіреміз!
Ұлттық спорт өркендеп, жас спортшыларымыздың жетістіктері арта берсін!