АЗАМАТТЫҚ СЕКТОР ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

АЗАМАТТЫҚ СЕКТОР ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

«Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үгіт-насихат жұмыстарын аудандық қоғамдық штаб əлі жалғастыруда. Аталмыш науқанға сенімді өкілдер мен белсенді азаматтар қатысып, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аудандық қоғамдық штабтың 20 мүшесі желілік кестеге сəйкес ауданымыздың барлық өңірлеріне шығып, халық-пен кездесуде. Онда кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы мен азаматтарды
алаңдатқан өзекті мəселелерді талқылап, азаматтардың ұсыныстарын қабылдауда.

Өткен аптаның жұмасында аудандық «Nur Otan» партиясының қоғамдық штабында Қазақстан Республи-касының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсету мақсатында азаматтық сектор өкілдерімен кездесу өткен болатын. Кездесуге облыстық штаб мүшелері Əмзе Исаев пен Найля Үмбетова, аудандық қоғамдық штаб төрағасы Мейрамгүл Ермағанбетова мен штаб мүшелері Бағжан Құдабаев, Жанат Байкенов, Дидар Мергенбаев, Жасұлан Айтқалиевтер қатысты. Жиынға ауданымыз-дағы үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері шақырылды.
Жиылған қауым алдында бірінші болып сөз алған Мейрамгүл Сағынжанқызы жиынды ашып, кездесудің мəн-мағынасын түсіндіріп, партия төрағасы Н.Назарбаевтың салихалы саясаты мен ел басқарудағы көре-гендігін алға тартып, партия тарапынан ұсынылған кандидат Қ.Тоқаевтың ел дамуындағы еңбегінің еселі екенін айтып өтті. Сонымен қатар, бүгінгі таңдағы мемлекет тарапынан көп балалы аналарға көрсетіліп жатқан қамқорлық пен қолдауды жіктей жеткізіп берді. Əрі қарай сөзді кандидаттың сенімді өкілдеріне берді. Бірінші болып сөз бастаған облыстық қоғамдық штаб мүшесі, Іле ауданының «Құрметті азаматы» Əмзе Исаев кандидаттың сайлауалды бағдар ла масындағы үш қағиданы тарқата айтып, əрбіріне жете тоқталса, ауданымыздың «Құрметті азаматы» Найля Бейсенбайқызы да еліміздегі ел бірлігі, татулық пен тұрақтылық, жастарға көрсетіліп жатқан қолдау туралы сөз қозғады. Ал Жанат Зарапұлы партияның
қоғамдық қабылдауларында тұрғындар көтерген мəселелерді шешуге бар күшін салып жүргенін, ауданы-мыздағы бірқатар мекеме, бөлімдердегі бюрократия туралы айтты. Бағжан Əкімбайұлы да өз ойымен
бөлісіп, жиылған қауымды алдағы саяси науқанға белсене атсалысып, дұрыс таңдау жасауға шақырды. Жиылған көпшілік арасынан да сөз алып, ойларын ортаға салып, ұсыныс-тілектерін білдірген жандар
да болды. Бірі жастарға жасалып жатқан қолдауға ризашылығын білдірсе, енді бірі көп балалы аналар-дың атынан алғысын жаудырды. Қоғамдық мəселелер көтеріліп, проблемалар да алға тартылды. Бірді-екілі ұсыныс-тілекті штаб мүшелері назарына алып, болашақтың еншісіне қойды.

Перизат НҰРҚАЕВА,
«Талғар».