ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУ – МАҢЫЗДЫ НАУҚАН

ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУ – МАҢЫЗДЫ НАУҚАН

Баршамыз білетіндей маусым айының 9-ы күні елімізде аса маңызды науқан – Президент сайлауы өтеді. Ауданымыздағы сайлау комиссиялары алдағы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына арналған
дайындық шараларын белсенді түрде жүргізуде. Бүгінде сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту басталған. Оған облыстық сайлау комиссиясы мен мемлекеттік қызмет істері агенттігінің біліктілігін арттыру академиясы атсалысуда. Бұл сайлаудың барлық кезеңдерінде заңдылықты сақтау үшін қажет. Азаматтардың өздерінің конституциялық құқықтарын іске асыру үшін барлық жағдай жасау – маңызды. Бұл сайлау биліктің сабақтастығын қамтамасыз етуге, еліміздегі саяси жүйені күшейтуге, халқымыздың татулығы мен тұрақтылығын нығайтуға үлес қосатын бірден-бір қадам. Сондықтан бұл сайлаудың Қазақ-станды дамудың жаңа кезеңіне алып шығатын шара боларына сенімдіміз.

2019 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына аудандық сайлау комиссиясы дайын. Бүгінгі күні Талғар ауданында 76 сайлау учаскесі бар. Сайлау учаскелері
туралы толық ақпарат аудан əкімдігінің сайтында жəне жергілікті БАҚ өкілдерінде жарияланды. Аудан сайтында «Президент сайлауы-2019» атты айдар ашылып, сенім телефондарының тізбесі берілді. Сайлаудың дайындық жұмыстарына байланысты алдағы екі ай кезеңге күнделікті кезекшілік
ұйымдастырылып, желілік кесте жасалды. Кесте бойынша аудан тұрғындарымен кең көлемде іс-шаралар өткізіліп келеді.

Сайлау учаскесіндегі дауыс беруге арналған орындар талапқа сай жабдықталуда. Мамырдың 11-інен үгіт-насихат жұмыстары басталып, бүгінде қарқынды жүргізіліп жатыр. Ал маусымның 8-і – «Тыныштық
күні» болып белгіленген. Бұл күні үгіт-насихат жұмыстары тоқталады. Қазақстандықтар жаңа прези-дентті маусымның тоғызы таңдайды. Сайлаудан кейінгі келесі екі күнде саяси науқанның алдын-ала
қорытындылары жарияланып, маусымның 16-ына дейін халық таңдаған жаңа мемлекет басшысын тіркеу шаралары өтеді. Еліміздің болашағы үшін аса ма ңыз ды науқанға белсене атсалысып, ел Прези-дентіне дұрыс таңдау жасау баршамыздың азаматтық борышымыз. Ендеше, алдағы сайлауда белсенділік танытайық. Еліміздің болашағы – өз қолымызда!

Перизат НҰРҚАЕВА,
«Талғар».