Лайықты үміткер ұсынылды

Лайықты үміткер ұсынылды

Бүгін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтті. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының атынан кезектен тыс президент сайлауына үміткер ретінде ұсынылған еді. Елордада өткен съезге төрағалық еткен партия басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы ұсынысын саяси ұйым мүшелері бірауыздан қолдады. Нұрсұлтан Әбішұлы  Қасым-Жомарт Кемелұлының көп жылдық тәжірибесін тілге тиек етіп, сонау 1998 жылдардағы  қаржы дағдарысынан кейін ел экономикасын қалпына келтіруге қосқан үлесін алға тартты. Біздің де бұл ұсыныс көңілімізден шықты. Білімі мен тәжірибесі жетік өте лайықты тұлға. Қалай болған күннің өзінде елді басқаруға Тоқаевтың таңдалғаны жақсы болды. Ол әр салада жұмыс жасағандықтан халықтың жағдайын жақсы түсінеді. Әлемдік саясатты жақсы түсінетін, ел мүддесі үшін қажет шешім қабылдай алатын саясаткер ретінде де дүниежүзіне танымал азамат. Тәуелсіз еліміздегі бірқатар маңызды реформаларды іске асыруға атсалысты. Оның дипломатиялық тәжірибесі БҰҰ деңгейінде жоғары бағаланғанын білеміз. Қасым-Жомарт Кемелұлы   елімізді басқарса ұлт көшбасшысының кемел жолын жалғастырып,  әлемдегі дамыған 30 мемлекетің қатарына қосуға бар күш-жігерін жұмсары хақ. Ең бастысы  халықтың бірлігін сақтап, әл-ауқатымызды одан әрі  жақсартып, қуатты билік құрып, сыртқы саясатымызды берік ұстаса болғаны.

         Күлпархан ҚАБАЕВА,

    облыстық санаториялық үлгідегі

            мектеп-интернатының мұғалімі.