Бүгінде елімізде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Әсіресе жастар арасында ат спортына ден қойғандар саны көбеюде. Білектілер мен жүректілер тартысы атанған көкпар ойыны дейсіз бе, сәйгүліктердің
бағы мен бабы сынға түсетін бәйге, жігіттердің күші мен ептілігі сыналатын аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату
ойындары жалына қол тигізбеуде.
Аға буын өкілдері қолдауы айрықша ұлттық ат спортын дамыту үшін барын салып жатыр. Бұл қазақ халқының бұрыннан келе жатқан салт-дəстүрін қайтадан жаңғырту болып табылады.
Осы аптаның сейсенбісінде ауданымызға қарасты Панфилов ауылындағы «Байсерке» ипподромында Ұлттық ат спорты түрлерінен Жастар арасында І Азия чемпионатының ашылу салтанаты өтті. ҚР Мəдениет жəне
спорт министрлігінің жылдық күнтізбелік жоспарына сəйкес Алматы облысы əкімдігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған чемпионат ат спортының – көкпар, аударыспақ, теңге ілу жəне жамбы ату түрлерінен өтуде. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған бəсекелі сайысқа Азияның 10 мемлекетінің құрама командалары қатысып, байрақты бəсекенің жүлдесін сарапқа салуда. Чемпионатта Қазақстан, Ресей, Қытай, Венгрия, Монғолия, Малайзия, Түркия, Өзбекстан, Тəжікстан, Ауғанстан жастары бақ сынап жатыр. Чемпионаттың бас төрешісі болып ҚР Ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік бас жаттықтырушы Қуанышбек Құрамаев тағайындалған еді. Сондай-ақ көкпар, аударыспақ, теңге ілу жəне жамбы ату спортының бас төреші-лері анықталды. Атап айтқанда, көкпар спортына – Нұрдəулет Момынов, аударыспақ спортына – Жанысбек
Саев, теңге ілу спортына – Рамазан Махатов, жамбы ату спортына – Елдос Бадашев бас төреші болып бекітіл-ген болатын. Бір айта кетерлігі «Жастар жылы» аясында өтіп жатқан ұлттық ат спорты бəсекесінің жалпы жүлде қоры 16 000 000 теңгеге жуық қаражатты құрайды. Жылдың айтулы спорттық шарасына «Самұрық-Қазына» Ұлттық əл-ауқат қоры, (TIKA) Түрік ынтымақтастық жəне үйлестіру агенттігі де қолдау білдіруде.
Перизат НҰРҚАЕВА,
«Талғар».