Мектеп – барлық адамды барлық нəрсеге үйрететін адамгершіліктің шеберханасы болса, күні-түні оқушыл арымен бірге жүретін мұғалім – тəрбиеші де білім бағындағы бау- бақшаны өсіретін бағбан іспетті. «Ұстаз – өз шəкіртінен адалдық, сыпайылық, ізгілік, əділдік, сияқты қасиеттерді көргісі келсе, онда оның өз бойында да осы аталған қасиеттер болуы шарт»- деп шығыстың ұлы ғұламасы Əл- Фараби айтқандай, осы аптада Талғар қаласындағы санаториялық мектеп- интернатында «Ең таңдаулы тəрбиеші» атты білім сайысы болып өтті.
Сайысты ашқан жүргізуші тəрбиешілер бірлестігінің жетекшісі Анар Жайтуғанова əр тəрбиешіні тамаша арнау арқылы ортаға шақырып, олардың жақсы қасиеттері мен біліктілік дəрежесін көрермендерге паш етті. Сайыскерлер байқау шарттарына байланысты өзін таныстыру, өзі қалаған бір ашық сабақтың ең керекті тұсын ашып көрсету жəне өзі тəрбиелейтін сынып оқушыларының əрқайсысына мінездеме беру арқылы тəрбие əлемінің сан алуан əдістерін көрсете білді. Ал, бұларды санаториялық мектеп-интернатының директоры Қайрат Айтбекұлы, директордың орынбасарлары Қарлығаш Қандықбаева, Арнагүл Утишева бастаған əділ қазылар алқасы мұқият қадағалап отырды. «Тəрбиешінің əрбір қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге, тəлім-тəрбие беретінін білуі тиіс. Өзінің не істейтінін біліп, не істеуге тиісті емес екендігін аңғарған адам ғана тəрбиеші бола алады» – деп ұлы педагог Антон Макаренко айтқандай, сайыс барысында ұшқыр ойы мен сабақ беру əдісінің сапалылығымен, оқушылармен қарым- қатынасы мен біліктілігін көрсете білген 1-сынып тəрбиешісі Айман Бейсекеева бас жүлденің иегері атанды. Бірінші орынға сабырлы мінезімен, баланы өзіне тарта білетін мейірімділігімен көрінген 3-сынып тəрбиешісі Кəмила Үсенбаева лайықты деп танылса, ерекше қабілет- қарымын таныта білген 7-сынып тəрбиешісі Н.Шілдебаева екінші орынға ие болды. Ал, үздік үштікті 3-сынып тəрбиешісі Б.Ешенғазиева түйіндеді. Сайыс соңынан мектеп- интернат директоры Қайрат Əбдібеков сайыскерлерді «Мадақтама» қағазымен марапаттап, сайыскерлердің алдағы еңбектеріне табыс тіледі.
Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,
«Талғар».