Атам қазақтың «төресіз ел – төбесіз ел» деген жүйелі сөзі бар. Яғни, халықтың жақсы өмір сүріп, мемлекеттің гүлденуі көреген басшының көшбасшылығына тәуелді. Ал бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның төресі – Президент. Ерте ме, кеш пе Елбасының салихалы саясатын одан ары жалғастыратын заңды басшымызды халық болып сайлауымыз тарихи әрі саяси маңызы бар мәселе. Сондықтан бүгінгі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың үндеуі дәл уақытында жасалған игі шара болды. Біз де бұл үндеуді барынша қолдауға тиіспіз әрі мүдделіміз. Бұл да еліміздің болашағы үшін игі қадам жасайтын уақытымыздың келгенін көрсететін тарихи оқиға деп білемін.
Берік Шағаев,
аудандық мәдениет үйінің директоры.