Сайлау – саяси науқан

Сайлау – саяси науқан

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқы үшін маңызды үндеуін жолдады. Онда ол Ата Заңымызға сәйкес ел Президентінің кезектен тыс сайлауын үстіміздегі  жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдағанын айтты. Кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім қабылдаудың өте маңызды әрі қажетті қадам екенін алға тартқан Мемлекет басшысы еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саралы саясатының арқасында Қазақстан әлемдік аренадан өз орнын алып, дамыған елдермен терезесін теңестіріп, өркенді мемлекетке айналғанын тілге тиек етті. Иә, талай-талай тар жол тайғақ кешуден өтіп қол жеткізген тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, егемен болған жас мемлекетіміздің белін қатайтып, еңсесін көтерген Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел болашағы үшін бастаған бағамды бағдарламалары әрі қарай жүзеге асырылуы үшін де мұндай шешім қабылданғаны дұрыс. Алдағы сайлау – еліміз үшін өте маңызды қадам. Қазақстан — демократиялық мемлекет. «Президент халықтың таңдауымен сайланады.   Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл — менің берік ұстанымым!» деді өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Ендеше алдағы саяси науқанға белсене атсалысу, баршамыздың парызымыз.

Жақсылық Сатылғанов,

М.Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес

 және менеджмент колледжінің директоры.