Сайлау – демократиялы ел дамуының көрсеткiшi екенін ескерсек, алдағы Президент сайлауы сол мүддеден толық шығады деп сенемін. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде бағыт-бағдарын, мақсат-міндетін айқындап үлгерген отандастарымыз өзінің талап-тілектерін маңызды шарада айқын аңғарта алады деп ойлаймын. Өйткені, қай-қайсымыздың да жалпы ниетіміз — мемлекет саясатын қолдау. Ойлайтынымыз — еліміз бейбітшілік, ауызбіршілік. Осындай үлкен арманы бар ел ертеңін ойлайтын, тәуелсіз елдің дамуын өрге бастыратын көшбасшысын сайлауы керек.
Қалай десек те, қоғамның өркендеуі де, кері кетуі де сайлаудың әділ немесе әділетсіз өтуіне байланысты. Олай болса, кім еркін, бақытты өмір сүргісі келсе, сол азамат сайлаудың әділ өтуін қадағалап, сайлауға бақылау жасауды азаматтық борышым деп санауы керек. Халық атынан билік жүргізуге өкілдік берілгендердің адалдығы, әділдігі, сайлаудың әділ өтуінде екенін бәріміз білуіміз керек. Баршамыз жауапкершілікпен қарап, маңызды науқанды бірлікте атқарайық.
Көлбаев Бексұлтан,
Кеңдала ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы.