Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Үндеуінде нақтыланғанындай 2019 жылғы 09 маусымға белгіленген сайлау еліміздің саяси өмірінде маңызды рөл атқарары сөзсіз. Себебі оның нәтижесі Қазақстанның одан әрі дамуын айқындайтын болады. Осы орайда біздің басты мақсатымыз – сайлаудың заңдылығын және әділ өтуін қамтамасыз ету. Осы сыннан бәріміз сүрінбей, абыроймен өтетінімізге сенімдімін! Өйткені, сайлау – демократияның, азаматтық қоғамның қалыптасуына зор үлес қосатын шара.
Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Атамзаманнан бері ел тұтқасын ұстаған азаматқа бағынып, содан бағыт-бағдарын айқындап келе жатқан ел ретінде бұл саяси науқанның маңыздылығы айтпаса да түсінікті болып отыр. Сондықтан да сайлауға деген түсінік ой елегінен өткізіліп, салихалы, саналы түрде қаралған тәуелкелді шешім болуы тиіс. Биылғы сайлау да егеменді еліміздің тыныштығы мен байқуаттылығына мағыналас болып, салиқалы елдің сарабдал көшбасшысын сайлар тарихи дата ретінде ел жадында сақталар деп сенемін.
Оразалиева Күляш,
Талғар қаласы аналар кеңесінің төрайымы.