ОБЛЫС МҰҒАЛІМДЕРІ БАС ҚОСТЫ

ОБЛЫС МҰҒАЛІМДЕРІ БАС ҚОСТЫ

Жуырда Талғар қаласындағы облыстық санаториялық үлгідегі мектеп- интернатында: «Білім мазмұнын жаңартуда белсенді əдіс-тəсілдердің оқу-тəрбие үрдісінде қолданылуы» тақырыбында облыстық семинар болып өтті. Облыстың əр аймағынан келген оқытушылар мен тəрбиешілер алдында сөз алған санаториялық мектепинтернатының директоры Қайрат Əбдібеков қонақжайлық танытса, облыстық оқу- əдістемелік орталығының əдіскері А.Шоқпарова білім беру аясындағы озық əдіс-тəсілдерді қолдану арқылы функционалды сауаттылықты арттыру жолдарын баяндай келе, əріптестерін өз іс-тəжірибелерімен бөлісуге шақырды.

Семинар-кеңес барысында Г.Ома рова математика пəнінен 6 «б» сыныбына «Координаторлық жазықтық», қазақ тілі мұғалімі Ж.Қабылда 3 «б» сыныбына «Сын есім», ұстаз Р.Кенжеғұлова «Қазақстан тарихы» пəнінен 5«б» сыныбында «Қаңлылардың қоғамдық құрылуы» атты ашық сабағын өткізіп, жанжақтан жиналған мұғалімдер алдында өз біліктілігін көрсетті. Ағылшын тілі пəнінің мұғалімі М.Алпысбаева 5 «а» сыныбына «Жануарлар», жас ұстаз Р.Ағыбаев дене тəрбиесі сабағынан «Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар», химия пəнінің мұғалімі А.Жайтуғанова 7 «б» сыныбында «Валенттік. Химиялық формула бойынша салыстырмалы молекулалық массаны есептеу» тақырыбын жан-жақты ашып көрсетіп, облыстың əр мектептерінен жиналған əріптестерінің ризашылығына бөленді. Екінші деңгейлік курста білімін жетілдіріп келген санаториялық мектеп-интернатының жоғары санатты мұғалімдері К.Қабаева мен Қ.Палмановалар бейнежазба, слайдтар көрсету арқылы «Инклюзивті оқытудағы тиімді əдіс-тəсілдер» атты ашық сабақтарын озық əдістермен көрсету арқылы облыс мұғалімдерінің ыстық ықыласына ие болды. Санаториялық мектеп-интернаты директорының орынбасары, оқу-ісі жөніндегі білікті маман Қ.Қандықбаева «Бөлім бойынша жəне тоқсандық жиындық бағалауды жүргізу» тақырыбында, директордың тəрбие- ісі жөніндегі орынбасары А.Утишева «Мəңгілік ел – менің елім» тақырыбын жоғары деңгейде ашып көрсетті.

Талдықорған қаласындағы Д.Рақышев атындағы облыстық мектеп- интернатының мұғалімдері, мектеп үйлестірушісі С.Мамырбекова «Тоқсандық жиынтық бағалауды модернациялау», қазақ əдебиеті пəнінің мұғалімі А.Құдайберген «Мектеп- интернаттарда жаңартылған білім беру мазмұнына негізделген тəрбие сағаттарын жүргізу», бастауыш сынып мұғалімі Л.Қатубекова «Бастауыш сыныптарда функционалдық математиканың сауаттылықты қалыптастыруда логикалық есептердің маңыздылығы» деген тақырыптарда сабақ өткізіп, балаларды жаңаша оқытудың тамаша əдістерін облыс мұғалімдері алдында жайып салды. Семинарға келген қонақтар санаториялық мектепинтернаты ұжымының жұмысын өте жоғары бағалады. Алқалы жиынды қорытындылаған мектеп-интернат директоры Қайрат Əбдібеков келген қонақтарға алғыс айтып, семинар- кеңестің мазмұнды өтуіне атсалысқан əріптестеріне ризашылығын білдірді.

Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,

«Талғар».