Жуырда аудандық мəслихаттың кезекті қырық екінші сессиясы өтті. Сессияға аудандық мəслихат хатшысы Жұмахан Еңкебайұлы өзі төрағалық етіп, сессияға аудан əкімінің орынбасары Дəрменияр Қыдырбек-ұлы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қалимолда Байболов, облыстық мəслихат депутаттары, аудан əкімінің орынбасарлары, аудандық бөлім, мекеме басшылары, Талғар қаласы мен ауылдық округ əкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отырды. Кезекті сессияның күн тəртібі мен регламенті бекітілген соң, күн тəртібіндегі бірінші мəселе «Талғар ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалуы туралы» аудандық экономика жəне бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Айман Кисибаева баяндама жасады. Даму бағдарламасы 6 бағыт, 19 мақсаттан құралған. Бірінші экономика бағыты бойынша өнеркəсіп өнімінің көлемі 36,5 млрд.теңгені құраған. Ал екінші бағыт əлеуметтік сала бойынша мектеп бітірушілерінің жаратылыстану-математикалық пəндер бойынша білім бағдарламаларын үздік меңгерген оқушылардың үлесі 53,1 пайыз, мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі 8,6 пайызды құраған. Қоғамдық қауіпсіздік жəне құқықтық тəртіп бойынша үшінші бағытта көшелерде жасалған қылмыстардың үлестік салмағы 10,9 пайызды, кəмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың үлестік салмағы 8,8 пайызды құраған. Инфрақұрылым бойынша төртінші бағытта құрылыс жұмыстарының көлемі 26 млрд. теңгеге жеткізіліп,142 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген. Талғар қаласы, Панфилов, Нұра, Қайнар, Тұздыбастау, Бесағаш, Белбұлақ ауылдық округтеріннің 25 шақырым жолдарына ағымды жөндеу жұмыстары жасалған.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен ауданның 73 мың шаршы метр ауылішілік жолдарына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бесінші бағыт экология жəне жер ресурстары бойынша атмосфералық ауаға шығарылатын заттар 4,6 мың тонна, егістік жерлердің құрамында ауыспалы егістің үлесі 44,2 пайызды құрап, жоспар өз деңгейінде орындалған. Ал алтыншы бағыт мемлекеттік басқару бойынша таза мемлекеттік қызметшілердің ауысушылығы 4,9 пайызды құра ған. Айман Мұратқызы осыған қара мастан кейбір индикаторларға қол жеткізілмегенін де тілге тиек етіп, атап көрсетті.
Келесі кезекте күн тəртібіндегі екінші «Қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға əлеуметтік жəне өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша аудан əкімдігі жанындағы консультациялықкеңесші органның жұмысы туралы» мəселе бойынша депутаттар Талғар ауданы əкімінің орынбасары Дəрменияр Қыдырбек-ұлының баяндамасын тың дады. Баяндамашы Пробация қызметі бөлімі мен ауданда құрылған Кеңесші органның жұмыстары туралы айтты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 487 сотталған тұлғаларға əлеуметтік-құқықтық көмек алуға жеке бағдарламалар жасалған. Барлығына жергілікті атқарушы органдармен жəне мекемелермен əлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілген. Атап айтқанда, 301 адам ем алса, 21 адам жұмысқа орналастырылған. Ақысыз құқықтық кеңес 165 адамға көрсетілген. Өткен жылы жұмыспен қамту орталығы арқылы 20 адам бос орын вакансияларына жұмысқа орналастырылса, 1 адам қоғамдық жұмысқа, 1 адам жастар практикасына тартылып, 2 адам қысқа мерзімді қайта оқыту курстарында оқытылғанын тілге тиек етті. Мінберге көтерілген аудандық пробация бөлімінің басшысы Азамат Елеусізұлы биылғы жылдың басынан бері бөлімнің атқарған жұмыстары туралы айтты.
Келесі кезекте «Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округі əкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерінің орындалуы туралы» Бесағаш ауылдық округінің əкімі Марат Арынбаев есебін берді. Өз баяндамасын ауылдық округтің бюджетінің орындалуынан бастаған ауыл əкімі ауылшаруашылығы, құжат айналымы, əлеуметтік қорғау, кəсіпкерлік, білім беру, денсаулық сақтау, мəдениет салалары мен салық түсімдерінің орындалуы, қоғамдық тəртіптің сақталуы, көгалдандыру жұмыстарының жүргізілуі туралы тарқата жеткізіп, алдағы жоспарларымен де бөлісті. Ауыл əкімінің есебін мұқият тыңдаған халық қалаулылары қанағаттанарлық бағаларын бере отырды. Күн тəртібіндегі «Талғар ауданы елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондайақ олардың атауларын өзгерту туралы» мəселесі бойынша аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Фарида Бегенбаева сөз алып, Алатау, Гүлдала, Кеңдала, Панфилов, Қайнар, Белбұлақ, Тұздыбастау, Бесағаш ауылдық округтеріне қарасты көшелердің атауы мен Панфилов ауылдық округіне қарасты Қызыл Ту-4 ауылының атауын «Жібек жолы» деп өзгерту туралы ұсыныстардың Алматы облыстық ономастика комиссиясының қарауына енгізілуін сұрады. Депутаттар бірауыздан қолдады. Одан кейін күн тəртібіндегі бесінші сұрақ «Талғар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы сөзді аудандық персоналды басқару қызметінің бөлімшесінің басшысы Анаргүл Мандыбаеваға берді. Анаргүл Күленбекқызы жиылған қауымға ауданымыздың «Құрметті азаматы» атағына лайық деп ұсынылған бірқатар азаматтардың тізімін ұсынды. Бұл ұсыныс та халық қалаулылары тарапынан қолдау тапты. Сессия соңында келесі кезекті сессиясының күн тəртібі қарастырылып жəне төрағасы сайланды. Келесі сессияның төрағасы болып депутат Қайрат Исабаев сайланды. Сессияның күн тəртібіне енгізілген мəселелер толығымен қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Перизат НҰРҚАЕВА,
«Талғар».