Бүгін, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы бойынша ҚР Парламенті Қазақстанның астанасының атауын Нұр-Сұлтан қаласы болып өзгертілуін мақұлдап, тиісті бұйрыққа қол қойылды. Бұл, елі сүйген, елін сүйген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген көрсетілген зор құрмет.
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ел үшін атқарған еңбегі зор. Мемлекетіміздің даму жолында ұлт көшбасшысының сарабдал саясатының арқасында еліміз әлемдік аренада ойып тұрып орын алып, Азия дағы ең дамыған, көшбасшы мемлекеттердің бірі болды.
Кемеңгер тұлға бар ғұмырын қазақ елінің бүгіні мен болашағына арнады. Мемлекетіміздің қай саласында болмасын Елбасының өзіңдік қолтаңбасы бар!
Біз — Жастар, Елбасымен біргеміз! Ұлт басшысы салған дара да даңғыл жолды үлгі тұтамыз!
Алдағы уақытта Нұр-Сұлтан қаласының өркендеуіне, гүлденуіне тілектеспіз!
Замира Қалымбетова,
Талғар ауданының жастар ресурстық
орталығының жетекшісі.