Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан тарихындағы алар орны ерекше. Елбасымыздың мемлекет үшін жасаған ерен еңбектерінің біразын атап өткім келеді.
Біріншіден, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізін қалап, оны іргелі ел қылды.
Екіншіден, астанамызды көшіріп, жаңа Астананы әлемнің ең көркем мегаполистерінің біріне айналдырды.
Үшіншіден, елімізді қиын жағдайдан алып шығып, экономикамызды дамудың сүрлеуіне түсірді.
Төртіншіден, халқымыздың бейбітшілікте өмір сүруіне жағдай жасап, ішкі татулықты берік сақтай білді.
Бесіншіден, қырып-жоюға арналған қуатты ядролық қарудан бас тартып, әлемге бейбітшілікті сақтаудың теңдессіз үлгісін көрсетті.
Бұл Елбасы атқарған жұмыстардың бір парасы ғана. Деседе осы аталғандардың өзі оның тарихи тұлға екенін айқындайды. Осындай ел қамы үшін аянбауының арқасында халық жүрегінен өшпестей орын алды. Ал халық жүрегінен орын алу үшін оған адал қызмет ету керек екені бесенеден белгілі. Сондықтан елі үшін адал қызмет етіп, біздің тәуелсіз мемлекетте өмір сүруімізге себепші болған Елбасына алғысымыз зор!
Динара Бозымбекова,
Талғар агробизнес және менеджмент колледжі
директорының орынбасары.